Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Найзағай ойнап, үсік жүреді: 26 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
4,065
оқылды

"Қазгидромет" РМК ертең, 26 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтау қаласында 26 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Көкшетау қаласында 26 мамырда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Қарағанды қаласында 26 мамырда түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күңдіз кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күңдіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Жезқаған қаласында 26 мамырда найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күңдіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, тұман түседі. Тараз қаласында 26 мамырда түнде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с. Семей қаласында 26 мамырда күндіз найзайғай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қаласында 26 мамырда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қаласында 26 мамырда күндіз найзайғай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с сақталады. 26 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 26 мамырда жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел батысқа ауысады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Павлодар қаласында 26 мамырда күндіз найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Петропавл қаласында 26 мамырда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында 26 мамырда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады. Күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.