Ол өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ екенін атап өтті.
«Мен үшін өмірдегі ең ауыр нәрсе»: Жахан Отарғалиев өзін күйзеліске түсірген диагноз туралы айтты (видео)
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev
4,575
оқылды

Актер, продюсер Жахан Отарғалиев өзін депрессияға түсірген диагноз туралы айтып берді,  – деп жазды Aikyn.kz.

Ол журналист Зарина Мүсілімге берген сұхбатында басынан өткен ауыр кезең туралы ашып айтты. 

"Жахан, сенің физикалық тұрғыда балаң болмайды" дегені бір. Оның үстіне, мұны әйелімнің көзінше айтқаны екі есе ауыр тиді маған. Бұрын сезетінмін.  Біраз жыл жүрдік қой. 15 жылдай. Бірақ менің бетіме ешкім айтпаған. Кесіп, бетіме айтқан кезде еш нәрсе қызық болмай қалды", - дейді ол. 

2023 жылдың қиындықтар мен сынақтарға толы жыл болғанын жеткізді. 

"Мұңаятын кездер болады. Сен өзіңді іштей жей бересің. Сол қиын сәтте маған диагноз қойылады. Сол маған қатты әсер етеді. Маған өмір сүру, еш нәрсе қызық болмай қалады. Жиналып алуыма пайғамбарымыздың өмірбаяны себеп болады", - дейді актер.

Ол өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ екенін атап өтті.

"Мен үшін бұл өмірде ең ауыр нәрсе… Мені тек басынан дәл осындай жағдай өтіп жатқан адам ғана түсінеді. Бала сүю… бұл бақыт маған да бұйыратын шығар, бәрі бір Алланың қолында. Үмітім үзілмейді… Мені депрессияға ұшыратқан осы диагноз, достар! Өйткені бұл өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ қой…", - дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жахан Утаргалиев 🎬 (@zhahan_utargaliyev)