Коллектормен байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты Тұран даңғылының Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскесі 26 мамыр күні автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылды, - деп жазады Aikyn.kz.
Жергілікті жерде коммуналдық қызметтер жұмыс істейді. Тұран даңғылындағы бұл коллектор жаңбыр суы мен кәріз қалдықтарын жинайды. Нөсерлі кәріз коллекторлары толық қуатта жұмыс істейді.
Сондай-ақ коллектордың жұмысы жеке құрылыс салушылар мен бірқатар үйдің заңсыз қосылуына байланысты шамадан тыс жүктеледі, оның ішінде тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары және т.б. кәрізге тастайтындар да жоқ емес.
Қазіргі уақытта Тұран даңғылында тағы бір магистральдық кәріз коллекторының құрылысы жүргізілуде. Оның ұзындығы – 8 шақырым, бұл қолданыстағы коллектордың ұзындығынан үлкен. Магистральдық кәріз коллекторының толық аяқталуы осы жылдың күзіне жоспарланып отыр.
Осы жылдың маусым айының соңында нөсер кәріз жүйесін өткізетін кәріз коллекторының 1-ші кезегін іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қосымша сорғыларды орнату және іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл коллектордың құрылысы мен іске қосылуы сол жағалаудағы басқа коллекторлардың жұмысын жеңілдетеді.