Олардан 18,5 келі бекіре балығы тәркіленген.
Атырауда екі балық инспекторы браконьерлікпен айналысқан
2,178
оқылды

20 сәуірде тіркелген факті бойынша үш күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-тармағы ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") бойынша тергеу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ПД мәліметінше, күдіктілердің екеуі балық қорғау инспекторы, ал үшіншісі - азаматтық тұлға.

Тергеу мүддесі үшін егжей-тегжейі хабарланбайды.

Еске салсақ, мамырдың басында акция басталғалы бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп 533 табиғат қорғау заңнамасын бұзу дерегін анықтап, жолын кескені, нәтижесінде 386 тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды. Бұдан басқа, браконьерлік және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстауға қатысты 50 қылмыстық іс қозғалды.

Заң бұзушыларға 11,6 млн теңге айыппұл салынып, заңсыз айналымнан 9 тонна 729 келі балық тәркіленді, оның ішінде бір тонна 412,2 келі бекіре тұқымдас балық түрлері, 6 келі 028 г бекіре балығының уылдырығы, 82 бірлік аулау құралдары және 25 бірлік су көлігі бар.