Хирург Александр Умнов сыраны көп ішу еркектерге гормонды бұзылыстарға және дененің әйел типі бойынша дамуына әкелуімен қауіпті екенін айтты.
Ерлерге сыраны көп ішудің қандай зияны бар?
1,105
оқылды

Маман көбікті сусынға тәуелділік бедеулік пен екінші типтегі қант диабеті қаупін арттыратынын жеткізді, - деп жазады Aikyn.kz.

"Сыраны өте көп ішетіндерде семіздік пен метаболикалық синдром тез дамиды. Ал ол қандағы глюкозаның жоғарылауына және екінші типтегі қант диабетінің дамуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ сырадағы ауыр металл тұздарының әсерінен ерлерде тестостерон өндірісі төмендейді, бұл әйелге "айналуға" және интимді өмірдегі проблемаларға, соның ішінде бедеулікке әкелуімен қауіпті", - деп жазды дәрігердің сөзін Massaget.kz.