Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сауалына жауап бере отырып, өзі жайлы жағымсыз ақпаратты қалай қабылдайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі жағымсыз әңгімеге мән бермейтін болып шықты.
«Менің байқағаным, интернетте адамдар мені неғұрлым жамандап, ғайбат айтса, менің өмірім, отбасым соғұрлым берекелі, бақытты, бай бола береді екен. Сондықтан мені жамандайтындарға, өсек айтатындарға дым жүйкемді құртпаймын. Сөз деген бүгін айтылады, ертең ұмытылады. Аллаған тапсырамын, болды. Өмірімді сүріп, рахаттанып жүре берем. Сол себепті мені көбірек өсектей беріңдер», – дейді Ерке Есмахан.
Ол сонымен қатар шығармашылығы жайлы сөз қозғады.
«Ән жаздыруға дым талпыныс жоқ. Бұл минус және плюс мен үшін. Бұрын ақша, танымалдылық, бренд, бриллиантқа талпыныс өте қатты болатын. Таласып, тармасып. Қазір Аллаға шүкір, сол армандаған өмірімді сүріп жатырмын. Алла бұйыртып күйеуге сәтті шығып алдым ғой», – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.