Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданындағы негізгі орта мектептердің бірі өртке оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау 6 шаршы метр алаңды шарпыған.
– Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жануды жойып, өрттің бүкіл ғимаратқа таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.