Былтырдан бері қала бойынша 35 заңсыз нысан бұзылды.
Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны бұзылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
1,764
оқылды

Алматыда Қайрат шағынауданы Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында орналасқан ірі құрылыс нысаны бұзылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған. Жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша басқарма меншік иесіне қатысты құрылыс-монтаж жұмысын тоқтата тұруға және учаскені бастапқы қалпына келтіруге нұсқама берген.

Алайда, меншік иесі талапты орындамағандықтан іс сотқа жолданды. 

«2024 жылғы 27 наурызда Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды», – делінген хабарламада.

Былтырдан бері қала бойынша 35 заңсыз нысан бұзылды.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.