Түркияның оңтүстік-шығыс аймағында жантүршігерлік жол апаты салдарынан 11 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Halk TV арнасының мәліметінше, жол апаты Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Мерсин қаласында болған. Ақпаратты қала губернаторы Али Гамзу Пехливан растады.
– Губернатор Али Гамзу Пехливан автомагистральда автобуспен бірнеше көлік соқтығысқан жол апатында 11 адам қайтыс болып, 30 адам жарақаттанғанын мәлімдеді, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.