2023-2024 оқу жылында еліміздің 98 жоғары оқу орнында 82 елден 27 862 шетелдік студент білім алып жатыр.
Қазақстанда биыл қанша шетелдік студент оқып жатыр?
www.istockphoto.com
1,210
оқылды

2023-2024 оқу жылында еліміздің 98 жоғары оқу орнында 82 елден 27 862 шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова Aikyn.kz редакциясының ресми жолдаған сауалына берген жауабында айтты.

Елімізге білім алуға келетін шетелдік студенттердің басым бөлігі Оңтүстік Азия және ТМД елдерінен. Төмендегі диаграммада шетелдік студенттердің саны бойынша ең көп (ТОП-10) елдің тізімі берілген.

Жыл сайын халықаралық студенттер арасында танымал оқу саласы – Денсаулық және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина). Төменде шетелдік студенттер тарапынан ең көп таңдалатын оқу бағдарламалары көрсетілген.

– «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)»  –  12850;

– «Педагогика ғылымдары» – 3491; 

– «Бизнес, менеджмент және құқық» – 3311;

– «Машина жасау, өңдеу және құрылыс өнеркәсібі» – 2016;

– «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» –  1412;

– «Гуманитарлық ғылымдар және өнер» – 1189;

– «Қызмет» – 788;

– «Әлеуметтік ғылымдар және журналистика»  – 694;

– «Жаратылыстану ғылымдары» – 624;

– «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» – 72;

– «Ветеринария» – 46;

– «Ұлттық қауіпсіздік» – 3.

Айта кетейік, бұған дейін  шетелдік студенттердің  Қазақстандағы білімге қатысты пікірін жариялаған едік. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.