Түркістан облысында полицейлер Шардара мен Жетісай ауданында жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, жер қойнауын заңсыз өндірумен, атыс қаруын сақтаумен және жеңгетайлықпен айналысқан адамдар тобын анықтады.
Жерді заңсыз пайдалану, атыс қаруын сақтау, жеңгетайлық: Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: Polisia.kz
565
оқылды

Түркістан облысында полиция жер қойнауын заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобын ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында полицейлер Шардара мен Жетісай ауданында жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жер қойнауын заңсыз өндірумен, атыс қаруын сақтаумен және жеңгетайлықпен айналысқан адамдар тобын анықтады.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, күдікті 9 адамды, оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушысы, бұрын сотталған жергілікті тұрғынды ұстады. Жедел уәкілдер тінту барысында, олардан 1 жүк тиегіш көлік, 7 жүк көлігін, 2 аңшылық мылтық, патрондар және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Бұдан басқа полицейлер Шардара қаласындағы іс-шаралар барысында, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру фактісін анықтады. Жедел уәкілдер притонның 2 әкімшісін, Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Сондай-ақ ақшалай қаражат пен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды», – делінген хабарламада. 

Тергеу жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.