13 мамырда Гастро орталығының директоры Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжанов апелляциялық шағым түсірді
3,939
оқылды

Бишімбаев пен Байжанов ісі бойынша апелляциялық шағым түсті. Бұл туралы дерек сот кабинетінде пайда болды, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Сот мәліметтеріне сәйкес, апелляциялық шағым бүгін, 27 мамырда берілген. Бақытжан Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаевтың nur.kz тілшісіне айтуынша, апелляциялық шағымды оның тарапы сот кабинеті арқылы берген. 

13 мамырда Гастро орталығының директоры Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.