Республика бойынша екпінді жел, солтүстікте, шығыста – бұршақ, дауыл, солтүстік-батыста, шығыста түнде тұман күтіледі.
Жаңбыр, қар, 3 градус үсік: 28 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
1,316
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 28 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлады Aikyn.kz.

Қазақстан Республикасының батыс өңірлері ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан, мұнда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің қалған аумақтарында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен, әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады, түнде еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр, түнде Қазақстанның солтүстігінде, орталығында жауын-шашын, еліміздің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша екпінді жел, солтүстікте, шығыста – бұршақ, дауыл, солтүстік-батыста, шығыста түнде тұман күтіледі.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде Алматы облысының таулы аудандарында  1-3 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.