Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасеновті қабылдады.
Геологиялық барлау жобаларына инвестор тарту маңызды
556
оқылды

Мемлекет басшысына компанияның биылғы бірінші тоқ­санда атқарған операциялық және қар­жылық қыз­ме­тінің нәтижелері туралы есеп берілді. Президентке «Қаз­Мұнай­Газдың» көптеген негізгі көрсеткіш бойынша был­тырғы осы кезеңмен са­лыс­тырғанда өсімге қол жет­кізгені жөнінде баян­дал­ды.

Асхат Хасенов ірі инвестициялық жобалардың, со­ның ішінде Жаңаөзенде гибридті электр стан­цасын және Атырау облысында қуаты 1,25 мил­лион тонна болатын полиэтилен өндіру зауытын салу, мұнай-химия кластерін дамыту, Каспий теңі­зіндегі Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орын­дарын игеру барысы жайында айтты.

Президентке компанияның 2023 жылы іске қо­сылған газ кен орындары, сондай-ақ қорларды тол­тыру және мұ­най өндіру деңгейін сақтау мақ­сатында жүргізіліп жат­қан геологиялық барлау жұ­мыстары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Қаз­МұнайГаз» Қызылорда облы­сын­дағы Торғай па­леозой учаскесінде тереңдігі 5 500 метр ұң­ғыма жә­не Каспий теңізіндегі Абай учаскесінде бұр­ғы­лау жұмыстарын жүргізуді көздейді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына әлеуметтік жо­ба­лар­дың жүзеге асырылуы және компанияның су тасқы­ны­на қарсы іс-шараларға қатысты атқар­ған жұмыстары туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев гео­логиялық барлау, мұнай-газ химиясы салаларын­да­ғы жобаларға ірі ин­весторларды тарту жөнінде бір­қатар тапсырма берді. Сондай-ақ отандық мұ­най өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қам­тамасыз ету қажет екеніне ерекше назар ау­дарды.