Алматы облысы өңірлік даму орталығының базасында ин­весторларға құқықтық көмек көрсететін фронт-кеңсе жұмыс істейді. Жақында осы кеңседе «Атамекен» ҰКП басқармасының төрағасы Райымбек Баталовтың аймақтағы мемлекеттік, құқықтық органдардың жетекшілерімен, бизнес өкілдерімен кездесуі өтті.
Инвесторларға арналған фронт-кеңсе
569
оқылды

Ұлттық кәсіпкерлер палата­сының төрағасы ел дамуына, өңір өркендеуіне үлес қосам деген ниет­тегі инвесторларды ашық әңгімеге, өз пікірлері мен ұсыныс­тарын батыл айтуға шақырды. Ел Үкіметі мен Ұлттық палата бір­лесіп дайындаған инвестициялық карта туралы жан-жақты  баян­дап, өзара сенімділік пен ашық­тықтың кез келген мәселенің мә­­­ні­­сін келтіріп, шешімін  табуға ық­­пал ететінін еске салды. 

«Инвестициялық карта өңір­лердегі инвестициялық жоба­ларды бақылау мен басқаруды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалар­дың орындалуын үнемі назарда ұстауға жол ашады. Онда  ел да­муы үшін маңызы жоғары үдеріске қатысатындардың барлығының жауапкершілігі жіктеліп, жазы­лады және белгіленген жоспар­лардан ауытқуларының себептері де нақты көрсетілетін болады», – деп мәлімдеді ҰКП басқар­ма­сы­ның төрағасы. 

Алматы облысы әкімінің орын­басары Рустам Исатаев өз сө­зінде инвестициялардың ішкі жалпы өнімнің негізгі қозғаушы күші ретіндегі маңыздылығын айта келе, инвестициялық сая­сат­тың дұрыс жасалуы мен қолда­нылуы дамудың кепілі екендігіне ерекше тоқталды. 

– Біздің басты мақсат – облыс экономикасына инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды ба­қы­лауға ала отырып, инвесторлар үшін заңмен қарастырылған қо­лай­лы орта қалыптастыру. Осы бағытта тиісті мемлекеттік орган­дармен, инвесторлармен және кә­сіп­орындармен өзара ынты­мақ­тастықта жүйелі жұмыстар жүр­гізудеміз, – деп атап кетті об­­­лыс әкімінің орынбасары. 

Сонымен бірге «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен базадағы  фронт-кеңседе кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнатылады. Про­курорлар инвестициялар салу кезінде түрлі проблемаға тап бол­ған кәсіпкерге құқықтық кең­ес береді. Осы жайында айтқан облыс прокурорының орын­басары Азамат Күреңкей прокура­тураның қадағалау қызметінің басымдыққа ие бағыттарының бірі – инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру және проблемаларын тиімділік­пен шешу екенін айрықша айтып  өтті. 

Кездесу барысында инвестор­лар тарапынан бірқатар ұсыныс ортаға салынды. Сондай-ақ проб­лема­лар да талқыға салынды. Са­­­­лық­­тық және кедендік жеңіл­діктерге қолданылатын басым­дық­­қа ие бағыттар бойынша эко­­номикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегіші (ОКЭД) саны­ның жетіспейтіндігіне қатысты мәселелер қозғалды. Инженерлік-коммуникациялық желілер бо­йын­ша инфрақұрылымдардың жоқтығы және тағы да басқа бір­қатар проблема сөз болып, оларды шешу жолдары қарастырылды. 

Б.ҚАБДЕШҰЛЫ,

Алматы облысы