Астанада күзетшісі ұйықтап жатқан қонақүйдің кассасынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қонақүй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрлады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Ер адам түнгі уақытта оңай олжа іздеп жүріп, есігі ашық қонақүйді байқаған.
«Күдікті ішке кіргенде күзетші мен әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан қомақты сомада қолма-қол ақша оралған пакетті жасырын алып кеткен. Ұрланған ақшаның жартысын ол өз керегіне жаратып үлгерген», – делінген хабарламада.
Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің елорда аумағында жасалған ұрлықтың тағы екі фактісіне қатысы бары анықталды.