18-22 жас аралығындағы жастар мал базары маңындағы жанармай бекеті жанында жаппай төбелескен.
Ақтөбеде жастар арасындағы жаппай төбелес кезінде бір жігіт қайтыс болды
Фото: видеодан кадр/КТК
1,192
оқылды

Ақтөбеде жастар арасындағы жаппай төбелестен 18 жастағы бозбала қаза тапты. Тағы сегіз жігіттің аяғына оқ тиіп, ауруханаға түскен. Қазір науқастардың палатасын тәртіп сақшылары күзетіп тұр, - деп хабарлайды Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бір мезетте облыстық жедел жәрдем ауруханасына оққа ұшқан тоғыз жігіт жеткізілді. Барлығы аяғынан жараланған. Ал, бір науқасқа оқтан бөлек бірнеше жерінен пышақ сұғылған. Жағдайы тым ауыр болған 18 жастағы жігітті дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмады.

"Бірінші науқасты әкелді, жас баланы. Келген кезде клиникалық өліммен әкелді. Реанимациялық жұмыстар жүргізілді. Бірақ та қайтыс болды. Қалған сегіз адам тұрақты, емделіп жатыр",- деді Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Жасұлан Орымбаев.

18-22 жас аралығындағы жастар мал базары маңындағы жанармай бекеті жанында жаппай төбелескен. Артынан қару алып атысуға дейін барыпты. Жаппай төбелес кезінде қаза тапқан студент өндірістік тәжірибеден оралған күні екен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.