Оның айтуынша, дәмді ас, қыдыру, қымбат бұйым, саяхат бірсәттік қуаныш қана сыйлайды.
«Ешбір зат бақыт сыйламайды»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
11,221
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында желі қолданушыларына жан сырын ақтарып, өмірде рухани байлық маңызды екенін айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, дәмді ас, қыдыру, қымбат бұйым, саяхат бірсәттік қуаныш қана сыйлайды. Адам өмірдің мәнін өзін тапқан кезде біледі.

"Құрметті арулар! Әрбір ару ең дәмді асты сүйсіне жеуге, әлемнің ең әдемі жерлерінде рахаттанып қыдыруға, ең қымбат бұйымдарды назданып тағуға лайық. Бұған күмән болмасын! Бірақ бұл нәрселер бірсәттік қуаныш береді. Ал үнемі бақыт пен жанның тыныштығын  беретін – рухани байлық. Өмірдің "шын кайф" екенін өзіңді өзің тапқан кезде білесің. Айтпағым, ешбір зат бақыт сыйламайды. Менің баға жетпес байлығым – денсаулық, сүйіктіммен үйлесім, отбасымдағы гармония, өнердегі орным, ішімдегі жанталас пен асығыстықтың жоқтығы. Ал әшекей, көлік, саяхат, тағы басқасы – аз уақыттық ләззат қана. Сіздерге де, жан мен тән тыныштығын және бақыт пен байлық тілеймін. Өзің миллионер, күйеуің миллионер, екеуің қосылып миллиардер болыңдар",  деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.