Бүгін ауа райы қандай болады?
Үш облыста үсік жүреді: 29 мамырға арналған ауа райы болжамы
8,069
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 29 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарында антициклон ықпалымен күн жауын-шашынсыз, ашық болады.

Ал өзге өңірлердегі күн райына циклон және онымен байланысқан атмосфералық ағындар әсер етіп, соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Алматы облысының таулы аудандарында, түнде республиканың шығысында жаңбыр, қар жауады.

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, солтүстік, солтүстік-батыста бұршақ, батыс, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысының батысы, шығысы, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градус аяз үсік күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Қызылорда облысындың шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстік-батысы және орталығында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жамбыл облысының батысы мен шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады, Батыс Қазақстан облысының батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде), Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.