Күдікті былтыр желтоқсан айында Ресей Федерациясының аумағында ұсталған.
Кісі өлтіргені үшін айыпталған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
500
оқылды

Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстан азаматын кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресейден елге экстрадициялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Күдікті 2023 жылы қаңтарда Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы өзгелермен бірігіп кісі өлтірген. 

Күдіктінің сыбайластары түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал фигурант қылмыс жасағаннан кейін қашып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Былтыр желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.