Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері ауа температурасы 30 градусқа дейін ысиды – Қазгидромет
5,886
оқылды

«Қазгидромет» 30 мамыр мен 1 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктер алдағы үш күнде солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта, ал 1 маусымда республиканың батысында ауа райы тұрақсыз болатынын мәлімдеді. Атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, екпінді жел соғады, жаңбыр мен бұршақ жаууы да ықтимал. Ал республиканың оңтүстігінде, жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтайды.

«31 мамырда солтүстік-батыста, 31 мамыр-1 маусымда солтүстікте, 1 маусымда Қазақстанның шығысында, күндіз республиканың басым бөлігінде елдің батысында, оңтүстігінде ауа температурасы біртіндеп 27-35 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталығында 15-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 градусқа дейін, шығыс облыстарда ауа температурасының 10-20 градусқа дейін төмендеуі болжанады», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.