Із-түзсіз жоғалған жігіттерден әлі күнге хабар-ошар болмай тұр. Жоғалған екі жігітті іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.
Атырау облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіт табылмай жатыр
Фото: polisia.kz
3,075
оқылды

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіт табылмай жатыр. Оның бірі балық аулауға, екіншісі мал жаюға кетіп, қайтып оралмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, жоғалғандардың біреуі Жылыой ауданының, екіншісі Махамбет ауданының тұрғыны екені анықталып отыр.

«Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылының 1991 жылғы туған тұрғыны кешкі сағат 19:30 шамасында Жем өзеніне балық аулауға шыққан. Ол жеке қайығымен кеткен. Ал, Махамбет ауданының Ақжайық ауылында тұратын 26 жастағы жігіт «Манаш» шаруа қожалығының шаруашылығы орналасқан бағытқа қарай мал айдап шыққан. Жігіттердің екеуі де үйіне кері оралмаған», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Із-түзсіз жоғалған жігіттерден әлі күнге хабар-ошар болмай тұр. Жоғалған екі жігітті іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.

«Атырау облысында су тасқыны әлі толастаған жоқ. Осы кезде тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау, алыс жолға жалғыз шықпауды ескертеміз», – деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.