Олар құқық қорғаушылар жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді.
"Мотоциклден құлатып, басынан басып өлтірді". Атырау облысының тұрғыны ұлының өліміне полицейлерді кінәлады
Фото: видеодан алынды
978
оқылды

Атырау облысының тұрғыны ұлының өліміне полицейлерді кінәлайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Олар құқық қорғаушылар жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді. Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының тұрғыны Жанаргүл Шүренбай әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялады. Ол мотоцикл тізгінінде болған 17 жастағы ұлын полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен қуып, басып өлтіргенін айтады.

Оқиға 25 сәуірде түс кезінде болған. Мотоцикл тізгініндегі жасөспірім оқиға орнында қаза табады. Оның қасындағы жолаушы дін аман. Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Патрульдік көлікті басқарған полиция қызметкері жұмыстан қуылған.

"Соталды тергеу амалдарын Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Жол апатына қатысты екі полиция қызметкерінің көлік жүргізген қызметкері қызметтік теріс себептермен жұмыстан босатылды. Оның жанындағы қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды", – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.