Іс-шара барысында мектеп оқушылары ел ағаларымен «Дәстүрлі мәдениет» және «Тәуелсіз Қазақстан» залдарына экскурсия жасады.
“Рәмізге құрмет – ұрпаққа міндет” атты танымдық экскурсия өтті
1,080
оқылды

«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінде Астана қаласы әкімдігінің № 73 мектеп лицейінің оқушыларымен «Рәмізге құрмет – ұрпаққа міндет» атты танымдық экскурсия өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, профессор Жандарбек Мәлібеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филилогия ғылымдарының докторы Серік Негимов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Ардақ Назаров және Болат Керімбек арнайы шақырылды. Халық қалаулылары жас ұрпаққа ізгі тілектерін жеткізіп мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін ұғынып құрметпен қарауға шақырды.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары ел ағаларымен «Дәстүрлі мәдениет» және «Тәуелсіз Қазақстан» залдарына экскурсия жасады. Еліміздің өткені мен бүгінгісінен сыр шертетін тарихи жәдігерлермен танысып шықты. Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау мақсатында кездесу соңында викториналық сұрақтар қойылды. Қойылған сауалдарға дұрыс, әрі нақты жауап берген шәкірттерге Мемлекеттік Ту бейнесіндегі төсбелгілер мен  сыйлықтар табысталды. Ал балаларды сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында еңбек етіп, бүгінгі іс-шараға қолдау білдірген ұстаздар қауымына Орталық басшысы Қалқаман Сариннің атынан алғыс хаттар табысталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.