Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне 11 адам кінәлі деп танылды. Оларға бопсалау, бұзақылық жасау, жәбірленушіні өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша айып тағылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Сот шешімімен Бурабай ауданының 10 тұрғыны 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленушінің отбасына 4 миллион теңгеден астам қаржы көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеді.
Еске салайық, өткен жылы күзде 19 жасар Роман Бодаговтың денесі «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған.
Кейін аталған іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.