ҚХА жастары экоакция аясында 100-ге жуық шаған мен қарағай көшеттерін отырғызды.
«Таза Қазақстан»: Астанада ҚХА жастары ағаш отырғызды
569
оқылды

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакция аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының өкілдері елордада ағаштар отырғызды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлайды.

«Бұл акцияға әрбір азамат, қаланың әрбір тұрғыны қатысуы тиіс деп санаймын. Өйткені қалаға жасыл желектер қажет, жалпы қала тіршілігіне қамқорлықпен қарау керек. Біз өз қатысушыларымызды ұсындық», – деді ҚХА жастар қозғалысының қатысушысы Елена Пескорская.

Белсенділер әр тұрғын экология мен қоршаған ортаны жақсарту туралы ойланып, экоакцияларға қатысуы керек деген ойда. 

«Бұл қаланың жағдайына өте жақсы әсер етеді, сонымен қатар команданы біріктіреді. Біз бала кезімізден қаланың жай-күйіне қамқорлық жасаймыз, тазалықты сақтаймыз», - деді экоакцияға қатысушы Елизавета Огай.

Жыл соңына дейін Астанада 1 миллионнан астам көшет отырғызу жоспарлануда.

«Менің ойымша, бұл акция жастарды өздерінен кейінгілерге үлгі етіп көрсетеді. Әркім ағаш отырғызудан бастауы керек деп санаймын. Мұндай қадамды біртіндеп ауқымды жаһандық мәселелерге бұру керек», – деді акцияның тағы бір қатысушысы Алина Нұрғалиева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.