Экс-шенеунік Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан жары марқұм Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл Нүкенова әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Жыл сайын қызым жылы тілегімен, гүл шоқтарымен құттықтайтын. Жылда қызым мен ұлым Астанадан құттықтап келіп, тосынсый жасайтын. ...Бәріңізге рақмет. Бүгін сіздердің жылы лебіздеріңіз арқылы Салта құттықтағандай болды", – делінген қамкөңіл ананың жазбасында.