Өңірде «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы», «Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында бірнеше жоба қолға алынды.
Бүгінгі күні Қарағанды облысында 1 250 спорт ұйымы мен денешынықтыру ұжымы болса, онда 431 мыңнан астам адам қызмет етеді. Облыс бойынша 27 545 баланы қамтитын 39 спорт мектебі жұмыс істейді. 7 202 бала ауылдық жерлерде жаттығуда. Оның ішінде 1 800 бала көпбалалы отбасылардан шықса, 207-сі – жетім бала.
Мектептер мен колледждерде спортқа ден қойған оқушылар мен студенттер саны артқан. Мысалы, жалпы білім беретін мектептерде 67 542 бала қамтылған. 4 853 спорт секциясы, колледждерде 14 595 адам қамтылған 205 секция. 3 251 баланы қамтыған 12 балалар-жасөспірімдер денешынықтыру клубтары болса, жоғары оқу орындарында жалпы 14 237 студент шынығатын 109 секция жұмыс істейді. Облыс қалалары мен аудандарынан көпбалалы – 6 519, күнкөрісі төмен отбасыларынан 3 500 бала тартылды. Сондай-ақ облыста 10 211 спортшысы бар 85 балалар мен жасөспірімдер клубы, ауылдық жерлерде 972 адамды қамтитын 16 клуб жұмыс істейді. Оның 797-і күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балалар болса, 62-сі – кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияда және мектепішілік есепте тұрғандар. Аула клубтарының қызметі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады және қалалық, аудандық әкімдіктердің қарауында болады.
Биылғы жылы «Арт спорт» мемлекеттік спорттық тапсырысын іске асыру шеңберінде спорттың 22 түрі бойынша 196 секцияға 11 318 бала мен жасөспірім тартылды, оның ішінде ауылдық округтерде – 713 адам. Бұл үшін облыстық бюджет есебінен 2 млрд 164 мың теңге қарастырылған. 2024 жылға нақтыланған қаржыландыру жоспары – 20 млрд 552 млн 756 мың теңгені құрады.
Облысымыздың намысын қорғап жүрген спортшы жастардың да саны күннен-күнге артып келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамына облыстың 1 145 спортшысы енген. Бұдан бір жыл бұрын 895 спортшы ғана болатын. Соңғы екі-үш айдың өзінде облыстың 18 388 спортшысы әртүрлі деңгейдегі – 448, оның ішінде 84 облыстық, 26 республикалық және 95 халықаралық жарысқа қатысты. Жарысқа қатысу қорытындысы бойынша, спортшылар 7 951 медаль жеңіп алды, оның 2 527-сі алтын, Әлем біріншіліктеріне облыс атынан 49 адам қатысып, 5 алтын медаль жеңіп алды. Облыс аумағында халықаралық және республикалық маңызы бар 46 жарыс өткізілді.
2024 жылы спортшылар үшін басты жарыс Париждегі жазғы Олимпиада ойындары екені белгілі. Бүгінгі күнге дейін лицензия алу үшін спорттың 5 түрі бойынша 7 үміткер анықталды. Сонымен қатар аймақта ұлттық спорт түрлері табысты дамуда. Спорттың 11 түрі – атап өтсек, тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату даму үстінде. Осы ұлттық ойындармен 35 975 адам айналысады. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына 36 спортшы кіреді.
Облыста мүгедектер саны 55 360 адамды құрайды, оның ішінде 4 486 спортпен шұғылданады. Ұлттық құрамаға 90 спортшы кіреді. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында денешынықтырумен және спортпен шұғылданатын адамдар үшін 2022 жылдан бастап аутизм, даун синдромы және ЖРВИ бар балаларды (150 бала) 61 млн теңгеге (Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларында) қамту жобасы іске асырылуда.
Халықты жаппай жұмыспен қамту үшін спорт ғимараттарының қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында облыста спорт инфрақұрылымы табысты дамуда. 1247 спорт ғимараты жұмыс істейді, оның 299 бірлігі ауылдық жерлерге тиесілі. Биыл спорт ғимараттарына түгендеу жүргізіліп, жұмыс істемейтін 830 спорт нысаны алынып тасталды. 2023 жылы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде 320 орындық ДШСК, Қарағанды қаласында жеке қаражат есебінен 2 футбол манежі пайдалануға берілді, сондай-ақ 8 көпсалалы корт және 112 ашық спорт алаңдары (оның ішінде 55 Street-Workout алаңы) орнатылды. Сонымен қатар Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылындағы стадионды қайта жаңарту аяқталуда. Сондай-ақ «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша жаңа жобаларды іске асыру жоспарлануда, бұл жобаға Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентіндегі 100 орындық ДШСК құрылысы енгізілді. Биыл жалпы құны 524,4 млн теңгеге 7 спорт мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,
Қарағанды облысы