Заманауи академиялық бағдарламалары мен тәжірибелерімен ақпарат ғасырына білім беретін Yeditepe университеті ғылыми зерттеулер мен студенттерге бар назарын аударып, университет пен сала ынтымақтастығы арқылы қоғамға ғылыми үлесін күн сайын арттырып келеді.
Зерттейтін, жаңалық ашатын және өндіретін университет
979
оқылды

Yeditepe университеті – халықаралық деңгейде мойындалған университет, ғылымды басқаратын күшті академиялық құрамымен көптеген ұлттық және халықаралық марапаттардың иегері. Оқыту тілі ағылшын тілінде жүргізілетін Yeditepe патенттері мен жоба өтінімдерімен «Зерттейтін, жаңалық ашатын және өндеретін университет» ретінде көзге түседі. Өткен жылы университет ғалымдары TÜBİTAK және TÜBA сияқты беделді мекемелерден марапаттарға ие болды.

проф. Dr. Канан Айкут Бингөл ректоры

 

ОНДАҒАН БАКАЛАВР БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Yeditepe университеті – 17 506 студент, 1 040 академик, 13 факультет, 2 жағары оқу, 1 кәсіптік жоғары оқу, 63 бакалавриат + 6 UOLP (халықаралық бірлескен бакалавриат бағдарламалары), 69 бакалавриат бағдарламасы, 4 екі жылдық бакалавриат бағдарламасы, 6 институт, 100 магистратура және 44  докторантура бағдарламалары бар. Университеттегі студенттердің 53 пайыздан астамы грант мүмкіндігіне ие.

54 СТУДЕНТТІК КЛУБЫ 55 СПОРТ КОМАНДАСЫ БАР

Yeditepe университетінде 38 филиалда жұмыс істейтін 55 мықты спорт командасы, сонымен қатар 54 студенттік клубы бар. Факультет оқытушыларының кеңесімен, студенттік клубтардың ұйымдастыруымен жыл сайын көптеген салаларда, әсіресе мәдениет, өнер, ғылым және спортта қоғамда өзекті жүздеген іс-шаралар мен көптеген әлеуметтік маңызды жобалары жүзеге асырылады.

НЕГЕ YEDİTEPE УНИВЕРСИТЕТІ?

1. Үлкен түлектер желісі: 27 жылда 50 мыңнан астам түлектері бар үлкен отбасы. Бұл тамаша желі түлектерге жұмыс табу үшін өте қолайлы.

2. Халықаралық мойындалған университет: Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) институттық бағалау бағдарламасына халықаралық стандарттар бойынша білім беру тәсілімен өткен Түркиядағы алғашқы құрылтай университеті болып табылатын Yeditepe университеті білім сапасын ұлттық және халықаралық аккредиттеу аудитімен тіркейді. 

400-ден астам СТУДЕНТТЕР АЛМАСУ КЕЛІСІМДЕРІ

Yeditepe университеті 400-ден астам Эразмус және Exchange студент алмасу келісімдері және 6 университетпен қос дипломдық келісімдері арқылы студенттеріне әлем есігін ашады. Көптеген елдерден келген студенттері мен ғалымдарымен Йедитепе университеті өз кампусында студенттеріне халықаралық өмірді ұсынады.