Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.
Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры ұсталды
3,147
оқылды

Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасы-ректоры Әсет Қалиев ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Аталған ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті КЕАҚ басқарма төрағасы ұсталғанын растайды», – делінген хабарламада.

Агенттік өкілдері ақпараттың толықтырылатынын мәлімдеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.