Өнер иесі қазір интернетте түрлі дүниелер қолжетімді екенін айтады.
«Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма?»: Қарақат Әбілдина ұрпақ тәрбиесіне алаңдаушылық білдірді
Фото: instagram.com/ karakat_a
30,210
оқылды

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында өзін толғандыратын жайт туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі қазір интернетте түрлі дүниелер қолжетімді екенін жеткізіп, ұрпақ тәрбиесіне алаңдаушылық білдірді.

"Отбасылық демалыстан естелік болсын деп салған жып-жылы видеоны инстаграм өшіріп тастапты. Көргендер болса біледі, соңына қарай Айзонтай іш киімде атып шыққан еді, сол ұнамай қалса керек. Дұрыс шығар, ашық-шашық бейнеге тыйым салғаны ғой инстаграмның. Менің сұрағым бар. Сонда интернет толы жалаңаштанған сорақы видеолар ше? Тегін. Бас та, көре бер. Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма өзі?! Ол тіпті мүмкін бе? Тиктогың анау, жас-кәрі демей бәрі есінен адасқан есалаңша елірген видеолар салып жарысады. Атың шықпаса, жер өртенің кері. Қарадай қарап түңілесің. Оған құлақ асып жатқан тағы ешкім жоқ. Әр жазбаңның астына анайы пікір жазатын парақшалар қаншама. Бұғаттағаннан басқа амалың жоқ. Жақсылық ойлайық дейсің ғой, бірақ жай қарап отыра алмайсың. Ұл-қыз өсіріп отырған соң қорқасың, алаңдайсың. Амал жоқ, заман осы. Алла адастырмай, өздеріне сана берсін дегеннен басқа не?! Кішкентай баланың бейнесін аңдығанша, әуелі үлкендердің айуандығымен күреспей ме?! Қалай ойлайсыз оқырман?! Дауысымызды естіртейік!" – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.