Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық дәлелдемелермен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді.
Полиция қызметкеріне пара берген павлодарлық азамат сотталды
Коллаж: temirtau_police
1,382
оқылды

Павлодар қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне пара бергені үшін сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, №2 қалалық сотта лауазымды адамға пара беруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралған. Сот алқасы қылмыскердің 2023 жылғы 28 қарашада пара беру мақсатында полиция анықтаушысының кабинетіндегі үстелдегі жұмыс құжаттарының астына 20 мың теңге салып қойғанын анықтады.

«Айыпталушының пиғылы бойынша, бұл пара оған «Коммунсервис» коммуналды мемлекеттік мекемесінің мамандандырылған тұрағы аумағынан жүк көлігін оған қайтару үшін арналған», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Тәртіп сақшысы қаражатты анықтап, басшылығының атына жазбаша баянатпен жүгінген.

Осылайша, айыпталушының қылмыстық пиғылы өзінің еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеді. Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық дәлелдемелермен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді.

Сот қылмыскердің егде жасын, бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылуын, теріс мінездерінің болмауын ескере отырып, оған 225 мың теңге айыппұл салды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.