Google Азия аймағында орналасқан бұл елге 2 миллиард доллар бөлетінін және елде өзінің алғашқы деректер орталығы мен бұлтты аймағын салатынын жариялады.
Google бұл елге 2 миллиард доллар инвестиция құйды
Google 2 миллиард долларға алғашқы деректер орталығын салатынын жариялады. Иллюстрация servernews.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Google
1,914
оқылды

Aikyn.kz үлкен қаражаттың неліктен бұлтты есептеу қызметтері мен деректер орталығын салуға жұмсалатынын CNBC телеарнасының сайтына сілтеме жасап талдайды.

Бұл инвестиция Google-дың Малайзиядағы ең үлкен инвестициясы. britannica.com сайтынан алынды. Авторлығы: Ken Wolter / Dreamstime.com

ЖИ-дің қарқынды дамуы бұлтты есептеу қызметтері мен деректер орталықтарына сұранысты арттырды. Өйткені ЖИ үлгілерін үйрету үшін деректердің үлкен көлемі қажет және бұлтты есептеу жүйесі үлкен деректер жиынын сақтауға, өңдеуге қажет.

Alphabet және Google компаниясының президенті, бас қаржы директоры және ақпарат жөніндегі бас директоры Рут Порат бұл инвестиция Google-дың Малайзиядағы 13 жылдық жұмысындағы ең үлкен инвестициясы болатынын айтқан.

Бейсенбіде (30 мамыр) Google Малайзияға 2 миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеді, бұл қаражаттың бір бөлігі жасанды интеллект пен бұлттық қызметтерге сұраныстың өсуіне байланысты елдің алғашқы деректер орталығы мен бұлтты аймағын салуға жұмсалады.

«Бұл инвестиция Малайзия үкіметімен Cloud First саясатын, соның ішінде ең жақсы киберқауіпсіздік стандарттарын ілгерілету мақсатындағы серіктестігімізге негізделеді», – дейді Alphabet және Google компанияларының президент Рут Порат.

«Бұл инвестиция Малайзия үкіметімен Cloud First саясатын, соның ішінде ең жақсы киберқауіпсіздік стандарттарын ілгерілету мақсатындағы серіктестігімізге негізделеді», – дейді Alphabet және Google компанияларының президент Рут Порат. Фото forbes.ru сайтынан алынды

Деректер орталығы Google-дың іздеу, карталар және жұмыс кеңістігі сияқты цифрлық қызметтері үшін керек, ал бұлтты аймақ мемлекеттік және жеке секторлардағы компаниялар мен ұйымдарға қызмет көрсетеді. Google сонымен қатар елде студенттер мен мұғалімдер үшін жасанды интеллект бойынша екі оқыту бағдарламасын іске қосты.

Бұл инвестициялар мен бағдарламалар Малайзияның жалпы ішкі өніміне 3,2 миллиард доллардан астам үлес қосады және 2030 жылға қарай 26 500 жұмыс орнын ашады деп күтілуде.

Малайзияның бұлтты аймағы Google компаниясының ғаламдық 40 аймақ пен 121 ауданнан тұратын желісіне қосылған жаңа кешен.

Осы айдың басында Microsoft компаниясы бұлтты және жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін Малайзияға 2,2 миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеген болатын. Бұл компания Индонезия мен Таиландқа да инвестиция салғаны белгілі.

Google-дың инвестициясы өндіріс пен қызмет көрсету салаларына ЖИ мен басқа озық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді. Фото nytimes.com сайтынан алынды. Авторы: Jim Wilson

Google және Microsoft сияқты технологиялық алпауыттар жасанды интеллект пен бұлтты есептеу қызметтеріне өсіп келе жатқан сұранысты пайдалану үшін Оңтүстік-Шығыс Азияға миллиардтаған доллар бөле бастады. Деректер орталықтары (дата центр) – деректерді сақтау және қолданбаларды немесе қызметтерді іске қосу үшін қажетті серверлер мен басқа инфрақұрылымды қамтитын нысандар.

«Google-дың Малайзияға салған 2 миллиард доллар инвестициясы 2030 жылға дейінгі жаңа индустриялық бас жоспарымызда көрсетілген цифрлық амбицияларға айтарлықтай үлес қосады», – дейді Малайзияның инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрі Зафрул Абдул Азиз.

«Google-дың 2 миллиард доллар инвестициясы бас жоспарымызда көрсетілген цифрлық амбицияларға айтарлықтай үлес қосады», – дейді Малайзияның инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрі Зафрул Абдул Азиз. Фото theexchangeasia.com сайтынан алынды

Министр Google-дың инвестициясы өндіріс пен қызмет көрсету салаларына жасанды интеллект пен басқа озық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша олар «жаһандық құн тізбегінде жоғары көтеріле алады» деп санайды.

Жасанды интеллект адам мен машина арасындағы жаңа көпір қызметін атқара бастады. Бұл мәселені зерттеуден, одан елімізге пайда әкелуден қазақ ғалымдары да сырт қалмайды деп ойлаймыз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.