Елдегі инфляция баяулап, сыртқы инфляция нейтралды қалыпта болған.
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық ставканы төмендетті
2,315
оқылды

ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,50%-ға дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ұлттық Банк баспасөз қызметінің мәліметінше, елдегі инфляция баяулап, сыртқы инфляция нейтралды қалыпта болған.

«Осы жылдың сәуір айында инфляция болжамдарға сәйкес төмендеді. Инфляцияның орнықты бөлігі баяулағаны байқалды. Бағаның жалпы динамикасына қарамастан, халықтың инфляциялық күтулері су тасқынына және тұрғын үй коммуналдық қызметтер реформасының жалғасуына байланысты өсті. Сыртқы инфляциялық жағдай, орталық банктердің тежеу саясаты әсеріне және әлемдік азық-түлік нарықтарындағы баға динамикасына сәйкес нейтралды қалыпта бағалануда. Экономика ішіндегі проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, ТКҚ реформасы, орнықты ішкі сұраныс себептерінен сақталып отыр», – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.