Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспановтың «Болашақпен кездесу. Диалог с будущим» атты еліміздің барлық өңірлерінен балалар қозғалысының көшбасшыларымен және адамдардың өмірін сақтап қалған батыр балалармен кездесуі өтті.
Президенттік орталық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шаралар өткізді
912
оқылды

Ержүрек балалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға 40-қа жуық бала қатысты.

Оқушыларға арнаған сөзінде Е. Оспан мемлекет балаларға барынша қолайлы жағдай жасап жатқанын атап өтті. 

«Биылғы жылы біз дәстүрлі түрде Балаларды қорғау күні қарсаңында ең талантты және батыл балаларды жинадық. Сіз ел үшін, халық үшін, ата-анаңыз үшін өмірдегі ең құндысысыз, өйткені сіз біздің болашағымызсыз. Бүгінде мемлекет балаларымызды тәрбиелеу, оқыту және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бар күш-жігерін жұмсауда. Біз мектептер, балабақшалар, мәдени және спорт нысандарын саламыз, заңнамалық базаны жетілдіреміз және педагогтарды оқытамыз. Сіз тек білімге, жоғары жетістіктерге және жай ғана дені сау, адал және әділ адам болуға ұмтылуыңыз керек, өйткені біздің еліміздің болашағы сіздің қолыңызда», – деді вице-министр. 

Одан әрі кездесу ашық диалог форматында жалғасты, онда балалар өздері, отбасы, мектептегі жетістіктері, қызығушылықтары мен армандары туралы айтты.

Іс-шараның соңында барлық жас қатысушылар үшін Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының музейі бойынша экскурсия өткізілді, оның аясында кішкентай қазақстандықтарға «Жануарлар әлемінде» музей коллекциясынан алғаш рет ұйымдастырылған тақырыптық қор көрмесі көрсетілді. Көрменің экспонаттары мүсіндер мен суреттер арқылы бізді қоршаған табиғаттың ажырамас бөлігі болып табылатын жануарлар әлемінің әртүрлілігін көрсетеді.

Мерекелік іс-шаралар тізбесін аяқтай отырып, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері еліміздің барлық өңірлерінен 80 дарынды бала үшін Қазақстан Президентінің «Ақорда» резиденциясына экскурсия ұйымдастырды. Оның барысында балалар Ақорданың салтанатты, шығыс, мәрмәр, сопақ және күмбез залдары, сондай-ақ қысқы бақ сияқты жерлерін көруге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Халықаралық Балаларды қорғау күні 1949 жылы Париж қаласында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Оған себеп, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жетім балалар санының артуы, тастанды балалардың көбеюі. Осындай қорғансыз балалардың күйі қоғамды қатты алаңдатып, ол халықаралық дәрежеде қолға алынды.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы Франция елінде аталып өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымы аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын, олардың өмірін соғыстан қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. 

Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.