Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КЕАҚ Басқарма төрағасын әшкереледі.
Ақша мұздатқышта сақталған: Антикор университет ректорын ұстаған сәтті жариялады
12,719
оқылды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Антикор Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.