Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті.
Алматыда 140 миллион теңгенің есірткісі әзірленген жерасты зертханасы анықталды
517
оқылды

Биыл 16 мамырда оңтүстік астананың жер үйлерінің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды, – деп жазады Aikyn.kz.

"Тінту барысында 7 келі «мефедрон» психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынды.

Табылған есірткінің құны «қара» нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін, – деп жазды құзырлы органнан.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін «варщиктер» деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.

Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.