Өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Адыраспанға тыйым: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
1,094
оқылды

Қазақстанның бас прокуратурасы Ресейде адыраспан өсімдігіне тыйым салынғанына байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "гармала" ("адыраспан") өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген. 

«Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», – делінген Бас прокуратура хабарламасында. 

Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.