BYD Auto Co. жаңа көліктері әлемді тағы бір рет таңғалдырды. Бір рет жанармай құйған көлікпен тоқтамай 2 100 шақырым жол жүруге болады.
2 000 шақырым қашықтықты бір ғана толық бакпен жүріп өтетін автомобиль сатыла бастады
Қытайлық көлік жанармай құю немесе зарядтау қажет болғанға дейін 2100 км жол жүре алады. Фото autohome.com.cn сайтынан алынды
4,161
оқылды

Жаңа BYD гибридті көлігі туралы newatlas.com сайты мақала жариялады. Aikyn.kz мүмкін еместей болып көрінетін жаңа көлік қандай қозғалтқышпен жүретінін түсіндіреді.

Фото autohome.com.cn сайтынан алынды

Фото autohome.com.cn сайтынан алынды

BYD Auto Co. бірден көліктің жаңа екі үлгісін ұсынды: Qin L DM-i және Seal 06 DM-i. Фото autohome.com.cn сайтынан алынды

Қытайлық көлік жанармай құю немесе зарядтау қажет болғанға дейін 2 100 шақырым жол жүре алады. Жақында ғана Tesla-ны басып озған BYD электромобиль өндірушісі өзінің 5-буындағы DM қосылатын гибридті электр көліктерін шығарды.

BYD Auto Co. бірден көліктің жаңа екі үлгісін ұсынды: Qin L DM-i және Seal 06 DM-i. Екеуі де 100 шақырымға 2,9 литр ғана бензин жұмсайды және оларда 79 шақырымға жететін кішірек батарея және үлкенірек батареямен «толық электрлік» режимде 119 шақырым жететін электр қозғалтқыш орнатылған.

Көліктердің бағасы да көпшілікті қызықтыруда: 13 762 АҚШ доллары. DM деген тіркес қос режимді білдіреді, яғни бензинмен де, электр қуатымен де жүреді.

Qin L және Seal 06 атаулары жеңіл болып көрінгенмен, олардың техникалық сипаттары мен дизайны өте тартымды көрінеді. Фото autohome.com.cn сайтынан алынды

Qin L және Seal 06 екеуі де 10 немесе 15,8 кВт/сағ батарея жинағы бар бірдей 1,5 литрлік турбокомпрессорлы төрт цилиндрлі платформаға негізделген.

Кішкентай бір жарым литрлік қозғалтқыш бар болғаны 99 аттың күші (74 кВт) және 161 аттың күші бар электр қозғалтқышымен біріктірілген.

Америкалық миллиардер Уоррен Баффеттің өзі қолдайтын компанияның ультра жоғары тиімділіктегі соңғы жетістіктері іштен жанатын қозғалтқыш пен EV электрлі қозғалтқышты тиімді ауыстырып отыратын «ЖИ-ге қосылған энергияны басқару жүйесі» арқылы мүмкін болған. 

Фото autohome.com.cn сайтынан алынды

Көліктің іштен жанатын қозғалтқышы мен EV электрлі қозғалтқышын тиімді ауыстырып отыратын «ЖИ-ге қосылған энергияны басқару жүйесі» бар. Фото autohome.com.cn сайтынан алынды

Мұндай әсерлі көрсеткіштер салыстырмалы түрде жаңа CLTL (China Light Vehicle Test Cycle) сынақ процедурасына негізделген. Ол EPA-ға (Қоршаған ортаны қорғау агенттігі) қарағанда біршама жомарт және оптимистік болып көрінеді. Ал «нақты» жүргізу жағдайларында қытайлық көліктің жанармай шығынын білу үшін сынақтар жүргізілуде.

CLTL – қытайлық тестілеу стандарты, ал EPA – АҚШ стандарты. CLTL тестілеу жылдамдығы EPA-дан 30% жоғары болуы мүмкін. Солай бола тұрса да, 2 092 шақырымның 70%-ы 1 460 шақырым BYD Auto Co. көліктерінің мықты әлеуетін көрсетеді.  Qin L және Seal 06 атаулары күлкілі болып көрінгенмен, олардың техникалық сипаттары мен дизайны өте тартымды көрінеді.

Бұл BYD көліктері жақын айларда қазақ елінің нарығына да келуі мүмкін. Сонда тұтынушы сынағынан қалай өтетінін көрейік.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.