Оның сөзіне қарағанда, мас күйінде әкесі анасын соққыға жығуын тоқтатар емес.
Әкем анамды ұрып өлтіре ме деп қорқамын: жас жігіт елден көмек сұрады
1,579
оқылды

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жас жігіт анасы үшін елден жанұшыра көмек сұрады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Әкем ішіп алып анамды түн ортасында қуалап сабап, мүгедек қылуға дейін апарған. Бала кезімде мені аямай ұрып, психологиялық соққы жасаған. Бала үшін анадан артық адам жоқ. Әкенің жақсылығы жездедей-ақ. Мұндай әкенің барынан жоғы. Бала күнімде анам екеуімізді кезек-кезегімен ұратын. Жасы 50-ге келсе де анамды ұруын тоқтатар емес.

Әкем лайықты жазасын алса екен. Полицияға тапсырғанымызбен екі сағаттан кейін, еш нәрсе болмаған сияқты босатып жібереді», – дейді ол Instagram желісіндегі Abdulla_kz парақшасында.

Сөз арасында ол Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полициясына арыз жазып жатқанын айтты. Айтуынша, полиция қызметкерлері адамды ұрып-соққаны үшін соттамайды.

«Адамды ұрып-соққанда жарақаты қаншалықты ауыр болады, сол кезде ғана жазасы қатты болады. Ал жай ұрса, жазасы да жеңіл болады екен. Мені осылай деп шығарып салды. Мұнайлы ауданының соты ешқандай жұмыс істемейді.

Қазір жұмысыммен басқа қалаға кетіп қалсам, анамды ұрып, өлтіріп тастай ма деп қорқамын. Мақсатым – әкемді түрмеге қамату. Себебі  ол лайықты жазасын алуы керек. Мұндай тирандарды қоғамнан ажырату қажет. Ол бізбен ғана емес, көшеде кетіп бара жатқандармен де, көршілерімізбен де қырылған. Анамды түнде тұншықтырып, өлтіріп тастауға дейін барды. Таңертең әкем еш нәрсе білмеймін, есімді білмеймін деп кешірім сұрап отыр»,  дейді жас жігіт.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.