Желі қолданушыларының басым бөлігі әжейге қолдау білдірген.
«Бала тудың ба, қарамайсың ба?»: әнші Ернар Айдардың концертінде әжей көрерменге ұрсып тастады
Фото: видеодан кадр
16,553
оқылды

Әнші Ернар Айдардың концерттерінің бірінде әжей жиналған көрерменге ұрсып тастады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Концертте әжей әншіден микрофонды алып, залда баласын жүгіртіп қойған көрерменге ренішін жеткізді.

"Айналайын халқым, бала тудың ба, қарамайсың ба? Кафеде тойға барсаң бала жүреді, концерт көруге келсек, баланы жіберіп қоясыңдар. Ұят бар ма сендерде?", – дейді әжей.  

Желі қолданушыларының басым бөлігі әжейге қолдау білдірген. 

«Апам дұрыс айтты. Біреу үшін туғандай шұбырып жүретіндер көбейіп кеткен. Ертіп келіп, бетімен жібереді», «Апа дұрыс айтады, адам концертке демалу үшін келеді», «Негізі дұрыс, мәдениет қалыптастыру керек. Тойға, киноға, концертке бала ертіп апаруды мүлдем түсінбеймін», «Керемет айтты» деп жазды оқырмандар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.