Әйел 1 апта бұрын «Ауыл» стансасынан көлік тоқтатып, Семей қаласына қарай кеткен.
Абай облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
1,068
оқылды

Абай облысында бір апта бұрын Семейге бару үшін жолай көлікке мініп кеткен 30 жастағы әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Abainewskz порталының мәліметінше, 26 мамыр күні сағат 10:00 шамасында Бородулиха ауданындағы «Ауыл» стансасынан көлік тоқтатып, Семей қаласына қарай аттанып кеткен 30 жастағы Динара Досымбекованың мәйіті бүгін табылған.

Марқұмның туыстары полицияға 2 маусымда ғана хабарласып, іздестіруді сұраған.

– 2024 жылдың 2 маусымында "102" арнасына Бородулиха аудандық полиция бөліміне "Ауыл" стансасының 59 жастағы тұрғыны хабарласып, 26 мамыр күні 1994 жылы туған қызы Динара Досымбекованы табуға көмектесуін сұраған. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлаған болатын Абай облысының Полиция департаменті.

Кейін «LIDER» еріктілер іздестіру қозғалысы әйелдің мәйіті табылғанын хабарлады.

Полиция департаменті баспасөз қызметі қазір өлімнің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.