Құрбан айт мерекесі биыл 17 маусым, дүйсенбіге түсіп тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ораза айттан кейін 70 күн өткенде тойланатын мұсылмандардың қасиетті мерекесі еліміздің күнтізбесінде қызылмен белгіленген. Биыл қазақстандықтар 15, 16 (сенбі-жексенбі) және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады.
Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздегі барлық мешітте Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.