Бұл тұрғын үйлер «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы аясында «Бір қабатты Шығыс» жобасымен салынып кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Біз бүгін жаңа үйдің кілтін алғанымызға өте қуаныштымыз. Мереке қарсаңында көптен күткен баспанамызға қол жеткізіп отырмыз. Көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан көптеген игілікті іс жасалып жатыр, – деп өз қуанышын бөлісті көпбалалы отбасы қала тұрғыны Марина Соболева.
Әрбір пәтер үш бөлмелі, жалпы ауданы 80 шаршы метрден асады. Сондай-ақ ас үй, қонақ бөлмесі, жеке қазандық және жуынатын бөлмелері де бар.
Партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша мұндай баспаналардың құрылыстары әр жыл сайын жүргізіліп, кезекте тұрған отбасыларға беріледі.
«Біз, осы баспаналардың құрылыс жұмыстары басталған күннен басы-қасында болып, партия фракциясының депутаттары мен қоғамдық кеңестердің өкілдерімен бірлесіп құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау жасадық. Бүгін баспаналар көпбалалы отбасына табысталған қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз», – дейді «AMANAT» партиясы Риддер қалалық филиалының төрағасы Юлия Титарева.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Байжұменовтың айтуынша, бүгін 10 көпбалалы отбасы жаңа пәтерлі болды. Қалған 10 пәтер осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін беріледі. Сондай-ақ, ол келесі жылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша тағы 10 пәтер салу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.