Мемлекет басшысы ДСҰ Бас директоры Нгози Окон­д­жо-Ивеаламен кездесті.
Халықаралық саудада позициямыз айқын
798
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеалаға іл­типат білдіре отырып, Қа­зақ­стан Дүниежүзілік сауда ұйы­мы­мен ынтымақтастықты кеңейтуге ай­рықша мән беретінін атап өтті.

– Сіздің басшылығыңызбен көп­жақты халықаралық сауда жүйесі қазіргі кедергілерді жоюға жә­не тең жағдай жасауға бағыт­тал­ған үлкен трансформациядан өте­тініне сенімдіміз. Сіздің Ал­ма­­тыға сапарыңыздың маңызы зор. Осы мүмкіндікті пайдалана оты­рып, тығыз ынтымақтасты­ғы­мыз үшін өзіңізге риза­шы­лы­ғым­ды білдіргім келеді. Ұйымға мү­ше елдер министрлерінің 12-ші кон­ференциясына төрағалық ету – Қазақстан үшін үлкен жауап­кер­­шілік әрі мәртебе. Аталған жиын барысында ДСҰ мүшелері ұйым­ды реформалау туралы маңызды шешімдер қабылдай алды, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, күшейіп келе жатқан жаһандық протекционизм мен сауда шектеулеріне қарамастан, Қазақстан экономикасы ашық ел ретінде өз позициясын нығайта түсуге ұмтылады. Қазіргі кезде біз әлемнің 180 елімен сауда-саттық жасаймыз. Соңғы үш жылда елі­міздің сыртқы саудасының көлемі 53 пайызға ұлғайып, 160 миллиард дол­ларға жетті.

Президент жуырда Эко­но­ми­каны ырықтандыру жөніндегі ша­ралар туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді. Бұл құжат әділ бәсекені күшейтуге, кәсіп­кер­лік еркіндікті сақтауға және мем­лекеттің экономикадағы үле­сін азайтуға бағытталған.

Өз кезегінде Нгози Оконджо-Ивеала ДСҰ-ға мүше елдер ми­нистр­лерінің 12-ші конференция­сы­ның төрағасы ретінде халық­ара­лық сауда саласындағы маңыз­ды шешімдерді қабылдауға Қа­зақ­станның қосқан үлесін жоғары ба­ғалады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланың көпжақты сауда жүйе­сін және Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлін нығайту ісіне қосқан үлесін Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынын атап өтіп, оны ІІ дәрежелі «Достық» орде­ні­мен марапаттады.