Мұнай терминалы 2011 жылы Құлыбаев компаниясының иелігіне өткен.
Асқар Құлыбаевтың иелігіндегі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды
Фото: facebook.com/portaktau/
1,078
оқылды

Асқар Құлыбаевтың иелігіндегі құны 66 млн АҚШ доллары болатын мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 млн АҚШ доллары болатын ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген.

Мұнай терминалы 2011 жылы Құлыбаев компаниясының иелігіне өткен.

Ал 2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылып, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сот актісі заңды күшіне енді. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.