Алматыда тәжірибе алмасу, маңызды мәселелерді талқылау және серіктестік қатынастарды орнату үшін бірегей алаңға айналған Eurasiadoc-та деректі фильмдер форумы өтіп жатыр. Францияның Қазақстан Республикасындағы бас консулы Фабрис Невенің қатысуымен форумның ресми ашылу рәсімі кеше сағат 09:00-де Almaty Creative креативті индустрияларды дамыту орталығында өтті. Онда аталған мемлекеттердің продюсерлік орталықтары, телевизиялық және кинокомпаниялары таныстырылды.
Almaty Creative креативті индустрияларды дамыту орталығы бас директорының орынбасары Бақыт Елубаева EurasiaDOC деректі кино форумы Мәдени іс-шаралар күнтізбесіндегі оқиға ғана емес, сонымен қатар креативті ақыл-ойларды біріктіру, серіктестік байланыстарды қалыптастыру және Орталық Азия елдерінде деректі кинематографияны дамытуды қолдау үшін маңызды алаң екенін атап өтті. Сондай-ақ Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 12 деректі жоба ұсынылды.
«Мақсат – деректі фильмдерді бірлесіп шығару мүмкіндіктерін ашу үшін әртүрлі елдің мамандарын біріктіру», – деді DocMonde бағдарламасының менеджері Бианка Фонте.