Гокер Косенің әуежай саласындағы операциялық басқару, жоспарлау, инвестициялау, қаржылық менеджмент бойынша 20 жылға жуық тәжірибесі бар.
Гокер Косе Алматы халықаралық әуежайының президенті болып тағайындалды
Фото: Алматы әуежайы
531
оқылды

Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып Гокер Косе тағайындалды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы халықаралық әуежайы 5 маусымда 2021 жылдың маусым айынан бастап Алматы әуежайының басшысы болған Алып Эр Тунга Эрсойдың 16 маусымнан бастап қызметінен кететінін мәлімдеді.

"Гокер Косе Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып тағайындалды", – делінген хабарламада. 

Гокер Косенің әуежай саласындағы операциялық басқару, жоспарлау, инвестициялау, қаржылық менеджмент бойынша 20 жылға жуық тәжірибесі бар.

Г.Косенің операциялық басқару, жоспарлау, инвестициялау, қаржылық менеджмент және әуежай қызметінің тиімділігін арттыру саласында 20 жылға жуық тәжірибесі бар. Ол 2005 жылы TAV Airports холдингі кезінде әуежай командасы қатарына келіп қосылды. Азаматтық авиация мен әуежайлар менеджменті және басқару саласында тағылымдамадан өткен.  Анкарадағы Эсенбога жаңа әуежайының пайдалану дайындығы бағдарламасын (Оperational Readiness and Airport transfer, ORAT) енгізу процестеріне қатысқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.