Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті
848
оқылды

Маңғыстау облысында екі жасар бала Каспий теңізінде суға батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде шомылуға жабдықталмаған аймақта орын алды. Себебі – судағы мінез-құлық ережелерінің талаптары мен нормаларын бұзу. Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықталып жатыр, – делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ өкілдері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.