Ақтөбеде бес жасар бала абайсызда терезеден құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бала бөлмесінде ойнап жүріп, көпқабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.
"Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қаза тапты. Өкінішке қарай, мұндай оқиға биыл облыста бірінші рет емес. Жыл басынан бері жеті жасөспірім бала терезеден құлады, салдарынан бір бала көз жұмды", – делінген Өңірлік ПД хабарламасында.